Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ жақында құрлықтағы есірткі картельдерімен күрес жүргізе бастайды – Трамп

АҚШ жақында құрлықтағы есірткі картельдерімен күрес жүргізе бастайды – Трамп
Фото: foxnews.com

АҚШ президенті бұл туралы Fox News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Бұл ретте ол қай елдер нысанаға алынуы мүмкін екенін нақтылаған жоқ, деп хабарлайды kznews.kz.
АҚШ жақында құрлықтағы есірткі картельдерімен күрес жүргізе бастайды – Трамп
Дональд Трамп сұхбатында оның әкімшілігі Кариб теңізі мен Тынық мұхитының шығысындағы күдікті есірткі картельдеріне қарсы бірнеше айлық шабуылдардан кейін картельдерге қарсы күш-жігерін кеңейтуге дайындалып жатқанын мәлімдеді. 

    – Біз теңіз арқылы есірткі тасымалының 97%-ын тоқтаттық, енді құрлық арқылы картельдерді нысанаға ала бастаймыз. Картельдер Мексиканы бақылайды, - деп мәлімдеді Трамп Fox News эфирінде.

Осы аптаның басында Трамп Мексика президенті Клаудия Шейнбаумнан есірткі картельдерін жою үшін АҚШ-тың әскери көмегін қалай ма деп сұрағанын айтып, «Мексика өзін қолға алуы керек» деп ескертті. 

    – Мексика үкіметі бұл мәселені шешуге қабілетті, бірақ өкінішке қарай, Мексикадағы картельдер өте күшті, - деп қосты ол.

Алайда Шейнбаум бұған қарсы шығып отыр.

Трамп сондай-ақ Колумбия және Кубаға ескерту жасады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.