Балалар сабаққа келмесе де, ақша төлене ме? Астанада Face ID жүйесі төңірегінде дау туды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қайрат» Италияда «Аталантамен» тең түсіп, Конференциялар лигасында ұпай еншіледі

«Қайрат» Италияда «Аталантамен» тең түсіп, Конференциялар лигасында ұпай еншіледі
Фото: instagram.com/f.c.kairat

Кездесудің алғашқы жартысында қос команда да бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, есеп ашылған жоқ. Ал «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков маңызды сәттерде шеберлік танытып, қарсыластың соққыларына тосқауыл болды.

Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турында Италияның «Аталанта» клубымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. Ойын 5 қарашада Бергамо қаласында өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Үзілістен кейін алматылықтар қарқынын үдетіп, 53-минутта есепте алға шықты. Эдмилсонның пасын тиімді пайдаланған Марк Гуаль қарсылас қақпашысымен бетпе-бет шығып, допты қақпаға дәл бағыттады.

Голдан кейін «Аталанта» шабуылын күшейтіп, есепті теңестіруге бар күшін салды. Италиялық команда құрамға өзгерістер енгізіп, қысымды арттырды. Ақыры 82-минутта Никола Крстович таразы басын теңестіріп, есепті 1:1-ге жеткізді.

Қалған уақытта екі клуб та жеңіс голын соға алмады. Нәтижесінде «Қайрат» Италиядағы кездесуден бір ұпаймен қайтты.

Осылайша, алматылық клуб Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде екінші ұпайына қол жеткізді. Бұған дейін «Қайрат» Латвияның «Ригасымен» тең түсіп, грекиялық «Панатинаикостан» 1:5 есебімен жеңілген болатын.

Алматылық команданың келесі ойыны 26 қарашада өтеді. Бұл кездесуде «Қайрат» өз алаңында Швецияның «Мьельбю» клубын қабылдайды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.