Балалар сабаққа келмесе де, ақша төлене ме? Астанада Face ID жүйесі төңірегінде дау туды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шерзат Полатқа арнап өлең жазған ақын Ербол Бықыбаев ұсталды

Шерзат Полатқа арнап өлең жазған ақын Ербол Бықыбаев ұсталды
Фото-коллаж: Stan.kz

Тараз қаласында қоғамдағы өзекті мәселелерге арналған өлеңдерімен танылған ақын Ербол Бықыбаев ұсталды. Ол терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген.

Ақынның ұсталғаны туралы ақпаратты заңгер Дәулетхан Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

Заңгердің мәліметінше, Ербол Бықыбаевқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Аталған бап бұқаралық ақпарат құралдары немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы терроризмді насихаттауға қатысты қылмыстық жауапкершілікті көздейді.

"Ербол Бықыбаевты Тараз қаласында ұстапты. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі, яғни терроризмді насихаттау күдігі бойынша ұстап отыр. Бұл бап бойынша жаза өте ауыр. Жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған", – деді заңгер.

Дәулетхан Ахметовтің болжамынша, ақынның ұсталуына әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбалардың бірі себеп болуы мүмкін.

Тараған ақпаратқа сәйкес, Ербол Бықыбаев тікелей эфирлерінің бірінде Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізген адамдарға қатысты пікір білдірген. Дегенмен оның нақты қай мәлімдемесі қылмыстық іске негіз болғаны әзірге белгісіз.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ақынның ұсталуына қатысты толық ресми түсініктеме берген жоқ. Тергеудің өзге мән-жайы да жарияланбаған.

Ербол Бықыбаев кім?

Ербол Бықыбаев – әлеуметтік желіде қоғамдық мәселелерді қозғайтын өлеңдерімен танылған ақын.

Ол әсіресе Алматы облысы Талғар қаласында қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты жазған шығармаларынан кейін көпшіліктің назарын аударған.

Ақынның аталған қайғылы оқиғаға арнаған «Қарабет» атты өлеңі әлеуметтік желіде кеңінен таралып, оқырмандар арасында талқыланған.

Ербол Бықыбаев бұған дейін де қоғамдағы түрлі оқиғаларға қатысты өз көзқарасын өлең арқылы білдіріп келген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер