Балалар сабаққа келмесе де, ақша төлене ме? Астанада Face ID жүйесі төңірегінде дау туды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздың анасы тың дерек айтты

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздың анасы тың дерек айтты

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан аман қалған Ақжол Темірханның анасы Самал Кеуелова ұлының басынан өткен ерекше жағдайды баяндады.

Анасының айтуынша, Ақжол ауруханада жатқан кезінде оқиға болған күнді еске алып, ең ауыр сәтте белгісіз біреудің дауысы өзіне күш бергенін айтқан.

Сарбаз сол кезде "Ақжол, досым, шыдашы, құрттай ғана қалды!" деген сөздерді анық естігенін жеткізген. Бұл сөздер оның бойына үміт ұялатып, қиындыққа төтеп беруіне демеу болған.

Самал Кеуелова бастапқыда ұлына көмектескен Бекет есімді сарбазға алғыс айтқысы келген. Кейін Бекет пен Никитаның да ауруханаға түскенін біліп, олардың басын қосып, дастарқан жайған.

Кездесу барысында анасы Ақжол мен Бекеттің бір-біріне «досым» деп сөйлемейтінін байқап қалған. Осыған таңғалып, ұлынан мән-жайды сұраған кезде күтпеген жауап естіген.

Ақжолдың айтуынша, Бекет қайғылы оқиға кезінде оны көрмеген. Соған қарамастан, сарбаз өзін жігерлендірген дауысты анық естігенін айтқан.

Бұл жағдай Самал Кеуеловаға оқиға кезінде қаза тапқан Азаматты еске түсірген. Өйткені марқұм Ақжолға үнемі «досым» деп сөйлеген екен.

"Сол сөзді естіген сәтте ойыма бірден Азамат түсті. Өйткені Азамат Ақжолға үнемі "досым" деп сөйлейтін еді ғой", – деп жазды Самал Кеуелова.

Анасы ұлының есінде қалған бұл сөздердің кімге тиесілі екенін нақты білмейтінін жеткізген. Дегенмен қиын сәтте естілген дауыс Ақжолдың жадында сақталып қалған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер