Балалар сабаққа келмесе де, ақша төлене ме? Астанада Face ID жүйесі төңірегінде дау туды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағанды қаласының әкімін сотқа берген әйел жеңіп шықты

Қарағанды қаласының әкімін сотқа берген әйел жеңіп шықты
Фото: ашық дереккөз

Сот материалдарына сәйкес, әйелдің ағасы қайтыс болғаннан кейін оған тиесілі тұрғын үйдің жарты үлесі қарындасына мұра ретінде өтуі тиіс болған. Ал баспананың қалған 1/2 бөлігі бұған дейін Екатерина Приходьконың жеке меншігінде болған.

Қарағанды қаласының тұрғыны Екатерина Приходько марқұм ағасынан қалған баспанадағы үлесті заңды түрде иелену үшін қала әкімі Мейрам Қожықовтың үстінен сотқа шағым түсірді. Сот әйелдің талабын қанағаттандырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алайда мұрагерлік құжаттарды рәсімдеу кезінде нотариус заңда көзделген алты айлық мерзімнің өтіп кетуіне байланысты мұраға құқық туралы куәлік беруден бас тартқан. Осыдан кейін әйел мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіріп, өзін заңды мұрагер деп тануды сұрап, сотқа жүгінген.

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты істі қарап, маңызды мән-жайды анықтады. Белгілі болғандай, әйелдің ағасы 2020 жылғы 9 ақпанда қайтыс болғанымен, оның өлімі тек 2026 жылғы 16 маусымда мемлекеттік тіркеуге алынған.

Соттың баспасөз қызметі марқұмның қазасы заңды түрде алты жылдан астам уақыт өткен соң ғана тіркелгенін растады. Осы себепті мұрагерлік құжаттарды уақытында рәсімдеу мүмкін болмаған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.