Балалар сабаққа келмесе де, ақша төлене ме? Астанада Face ID жүйесі төңірегінде дау туды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Олжас Абай Дариға Бадықовамен үйленер алдында болған жанжал туралы айтты

Олжас Абай Дариға Бадықовамен үйленер алдында болған жанжал туралы айтты
Фото: Instagram/dariga_badykova

Актердің сөзінше, тойға аз уақыт қалғанда екеуі ренжісіп қалған. Алайда осы жағдай оған қарым-қатынасына басқа қырынан қарап, Дариғаның өзі үшін қаншалықты маңызды екенін түсінуге себеп болған.

Актер Олжас Абай актриса Дариға Бадықовамен қарым-қатынасының қалай өрбігенін және үйлену тойының алдында екеуінің арасында болған келіспеушілікті еске алды. Өнер иесі бұл туралы Аман Тасығанға берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол сол кезде өткенге өкініп, мұңайып отырудың орнына жаттығуы мен күнделікті тіршілігіне көңіл бөлуді жөн көргенін айтты. Өйткені өмірде материалдық жағдайы, халықтың құрметі мен атақ-абыройы болғанымен, кейде адамның жан дүниесінде бір нәрсе жетіспейтінін сезінген.

«Адам да, ғалам да қызық емес болып қалды. Сол кезде «менің адамым ба?» дегенді түсінген шығармын. Сол кезде сигнал келді. «Қой, онда шешіп, той қылайық» дедім», – деді Олжас Абай.

Осылайша, актердің айтуынша, арадағы келіспеушілік оған Дариғамен бірге болғысы келетінін түсінуге түрткі болған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.