"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атқандар анықталды

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атқандар анықталды

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атқан адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Щучинск қаласында жедел жәрдем автокөлігінің терезесін зақымдағандарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша 17 жастағы күдікті мен оқиғаның екі куәгері анықталды. Олардың барлығы Щучье қаласындағы колледж студенттері.

«Жастардың айтуынша, 11 сәуірде кешкі сағат 22:00 шамасында олар көпқабатты үйдің ауласында пневматикалық тапаншадан металл бөтелкелерге оқ атқан. Осы кезде атқан оқ кездейсоқ өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігінің терезесіне тиген. Жастардың өтіп бара жатқан автокөлікке оқ ату ниеті болмаған», - дейді ведомстводан.

Еске салайық, аталмыш факті бойынша, Қылмыстық кодекстің 202-бабы «өзгенің мүлкіне зиян келтіру немесе жою» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Автор
Еркебұлан