Төреғали Төреәлі үйіне күтпеген жерден келіп, балаларын қуантты. Әкесімен сағынысып қауышқан сәт көпшіліктің жүрегін елжіретті.
Көптен бері көрінбей кеткен әнші Төреғали Төреәлі көпті қуантты, деп хабарлайды kznews.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Өнер иесі тосын сый жасап үйіне айтпай кіріп келген.
Оны көрген балалары құшақтай жөнелді.
Әкелерімен сағынысып көріскен сәт оқырмандардың жүрегін елжіретті.
"Қандай керемет сәт", "Жандарым", "Тіл-көзден аман болсын", "Көпбалалы әке", "Кәусар да әкесінің алдынан жүгіріп шықсын", "Балаларының қызығын көрсін", - деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, оқырмандардың айтуынша Төреғали Төреәлі біраз уақыт қабылдаған емнен кейін оралған.