Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Халал тойға ішіп келді»: Төреғали Төреәлінің әрекеті қызу талқыға түсті

«Халал тойға ішіп келді»: Төреғали Төреәлінің әрекеті қызу талқыға түсті
Фото: threads.com/@makulova_symbat

Желі қолданушысы әкесінің тойына әншінің мас болып келгенін жайып салды.

“Әкемнің 55 жасына Төреғали Төреәліні шақырдық. Өйткені әкемнің қатарластары Төреғалидың әндерін тыңдайды. Керемет көңіл-күй сыйлайды деп ойладық. Бірақ ол ішімдік ішіп келді. Негізі той халал болған. Тіпті жарты күн ерте келіп, ұйымдастырушылардан вискиге 32 мың төлеуді талап етті. 8 рет вискиге тапсырыс берген. Талабын орындамасақ, сахнаға шықпайтынын айтты. Бір кезде фонограммамен ән айтып, кетіп қалды”, – деп жазды бейтаныс ару.

Жазбаның астына көпшілік екі түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі Төреғалиды қолдаса, енді бірі тойға әнші шақырмауға кеңес берді.

“Тойға әнші шақырып керек емес”, “55 жастан асқандар Төреғали мен Қайратты ғана тыңдайды”, “Ол ішімдікті стрестен шығу үшін ішеді”, “Қатты ұят болған екен”, “Төреғали жоғалып кетіп еді, қайтадан оралыпты”, “Түркиядан емделіп келді”, – деп жазды көпшілік.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.