ка

Ана деген

02.02.2019 16:31
0
2
Ана деген казакша Ана деген на казахском языке

Ана деген - байлығың мен барың,
Ана деген - тұтастай бір жаның.
Ана деген - ауырғанда дәрің,
Ана деген - ең жақсы бір әнің.
Ана деген - саған жақын адалың,
Ана деген - бермеген, тәрбиенің жаманын.
Ана деген - сүрінбейтін қадамың,
Ана деген - дұға етуші адамың.
Ана деген - мейірімі шынайы
Ана деген - ауырға да шыдайды.
Ана деген - өміріңнің шырайы,
Ана деген - жылу берер күн райы.
Ана деген - екінші сенің жүрегің,
Ана деген - ықылас пен тілегің.
Ана деген - аман-сау жүргенің,
Ана деген - бір шаттанып күлгенің.
Ана деген - махаббаты шексіз,
Ана деген - байлығы оның тек біз.
Ана деген - сүйеді сені ессіз,
Ана деген - менің жәннатым дессіз..

Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!




Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий