Бейсенбі 26 қарашада 33 жастағы ойыншы Конференциялар лигасында "Қайратқа" өз алаңында швециялық "Мьельбюмен" өткен ойында жеңіске жетуге көмектесті. Матч 1:0 есебімен аяқталды, ал жалғыз допты Тапалов соқты.
Meta-ratings.kz хабарлағандай, футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Еркін Тапалов алматылық "Қайрат" сапындағы соңғы матчын өткізгенін растады, деп хабарлайды kznews.kz
"Бұл менің соңғы ойыным еді, гол соғу бағыма бұйырды. Мен бұл жылы әлі гол соқпаған едім. Бүгін гол соға алдым, Аллаға шүкір. Тойлауға келсек: басында голды сүйіктіме арнадым. Ал кейін — футбол кулуарында кім біледі, сол біледі", - деді Тапалов.
Матч аяқталған соң қорғаушы жанкүйерлер отырған трибунаға жақындап, оларға алғыс айтты. Тапалов "Қайраттан" келісімшарты аяқталған соң кетеді. Жаңа командасы әзірге белгісіз. Қазақстандық ойыншының трансферлік құны 225 мың еуроға бағаланып отыр.
Тапалов "Қайратта" былтыр және биыл өнер көрсетті. Бұған дейін ол қостанайлық "Тобыл", петропавлдық "Қызылжар", түркістандық "Тұран", оралдық "Ақжайық", қарағандылық "Шахтер", ақтаулық "Каспий", талдықорғандық "Жетісу" командаларында ойнаған.