"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматының жаңа әкімі қала тұрғындарының сынына қалды (видео)

Алматының жаңа әкімі қала тұрғындарының сынына қалды (видео)

Әлеуметтік желіде Алматы тауларында полицейлердің сүйемелдеуімен бірнеше көліктің жүріп өткені түсірілген видео жарияланды. Автордың сөзінше, жаңа әкім Дархан Сатыбалды Алматыға осылай келген. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Президент келген болса, бізді мұнда өткізбейтін еді", – дейді ол.

Алматылықтар мұндай үлкен делегацияға желіде наразылығын білдірді. Айтуларынша, әкім кетіп бара жатқан жол тауда орналасқан, ол жолмен іштен жанатын қозғалтқышы бар көлікпен барған тұрғындардың жүруіне рұқсат берілмейді. Сондықтан бұл жолмен жаяу жүруге тура келеді, ал жаңа тағайындалған әкім ол талапты сақтамаған.

Әкімдік өкілдері Алматы қаласы әкімінің жұмыс сапары кезінде көлік қозғалысы шектелмейтінін және патрульдік көліктер пайдаланылмайтынын хабарлады.

"29-31 мамыр аралығында Алматы қаласында жол қозғалысына халықаралық іс-шараларға байланысты ішінара шектеу қойылды және оның жергілікті атқарушы органдардың қызметіне еш қатысы жоқ", – деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алайда олар бұл кортежде әкім болған-болмағаны туралы сұраққа жауап бермеді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.