"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда "Нұр Отан" партиясының алдына келгендерді полиция ұстады

Алматыда "Нұр Отан" партиясының алдына келгендерді полиция ұстады

Бүгін, 27 ақпанда Алматының «Нұр Отан» партиясының кеңсесіне келген бірнеше азаматтарды полиция ұстап алып кетті. Азаттық оқиға орнынан тікелей эфирде жүргізіп жатыр.

Ұсталғандардың арасында азаматтық белсенді Асхат Берсәлімов пен Сүйіндік Алдабергеновтер бар. Сүйіндік Алдабергонов өзін полиция департаментіне алып кеткені жайлы өзінің желідегі парақшасында хабарлады. Оны үйінің алдынан алып кеткен.

Кеше, 26 ақпанда Алматыда және тағы бірнеше қалалардағы белсенділер полицияға шақыртылып, ескерту алғанын хабарлаған.

Белсенділер бұл шақыртулардың 27 ақпанда басталған «Нұр Отан» партиясының съезі қарсаңында келгенін атап өтеді. Олардың сөзінше, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов съезд күні халықты партия кеңселерінің алдына жиналуға әлеуметтік желі арқылы шақырған.

Қазақстанда қуғындағы бұрынғы банкир әрі биліктің сыншысы Мұхтар Әблязов басқаратын ҚДТ қозғалысы "экстремистік ұйым" деп Қазақстан аумағында тыйым салған. Содан бері елде осы қозғалыстың жақтастарына қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалды.


Азаттық
Автор
Бауыржан