KZNews.kz
Мәдениет

“1 миллиард»: «QAITADAN» фильмі қазақстандық прокатта рекорд орнатты

Ayzhan Sylanova
Фото: ашықдереккөз

Мәдениет және ақпарат министрлігінің дерегінше, жоба мемлекет қаржысына түсірілгенімен, өндіріс шығынын бес есеге дейін артығымен қайтарған алғашқы фильм болып отыр.

Министрлік фильмнің табыстылығын тек көркемдік сапасымен емес, көрерменге жақын тақырыбы және әлеуметтік маңызы бар мазмұнымен түсіндірді:

«Көрермен көзайымына айналған «QAITADAN» – оқиға желісімен де, визуалды шешімдерімен де ерекше әсер қалдырады. Бұл жай ғана көркем шығарма емес, шынайы сезімге құрылған терең драмалық туынды. Фильм қауіпсіздік, жауапкершілік, бірлік идеяларын көтереді, жастарды достық пен бауырмалдыққа үндейді. Әрбір диалог бүгінгі қоғамға ой салады. Картинада отбасы құндылықтары дәріптеліп, әлеуметтік жауапкершілік пен адамгершілік қағидаттары айқын көрініс тапқан», – делінген хабарламада.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары