"Алматыда самсадан чип шықты" – дәмхана иелері "цифрландырудан" хабарсыз
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

233 млн доллар: «Дьявол носит Prada 2» фильмі әлемдік прокатта бірінші орынға шықты

233 млн доллар: «Дьявол носит Prada 2» фильмі әлемдік прокатта бірінші орынға шықты
Фото: instagram.com / @tdwp2

«Дьявол носит Prada 2» фильмі кинотеатрларда үлкен жетістікке жетіп жатыр. Кино алғашқы демалыс күндері АҚШ пен Канадада 77 миллион доллар, ал халықаралық нарықта 156,6 миллион доллар жинап, әлемдік прокатта бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Associated Press. 
Фильм көрермендерінің басым бөлігі әйелдер — 76% пайыз. Олардың 74%-ы картинаны достарына міндетті түрде ұсынатынын айтқан.
Кинотуындының бюджеті 100 млн доллар — бұл 2006 жылғы алғашқы бөлімнен үш есе көп. Бірінші бөлім әлемдік прокатта 326 млн доллардан астам табыс жинап, мәдени құбылысқа айналған болатын.
Ал Майкл Джексонның «Майкл» атты өмірбаяндық фильмі екінші демалыста 54 миллион доллар табыс тауып, екінші орынды иеленді. Оның әлемдік кассадағы жалпы табысы қазір 423,9 миллион долларға жетті. 
Осы демалыс күндері Голливудтың жазғы кино маусымы басталды. Comscore аналитикалық компаниясының мәліметі бойынша жыл басынан бері АҚШ-тың жалпы кассалық кірісі өткен жылғы көрсеткіштерден 14 пайыз жоғары. Бұл шамамен 2,8 миллиард доллар.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.