Жезқазған қаласының әкімі қазақ тілін білмейтін мемлекеттік қызметкерді орнына қойды (ВИДЕО)

0
1350

Желіде Жезқазған қаласының жаңа әкімі Қайрат Шайжанов Қарағанды облысының табиғи монополияларды реттеу комитетінің маманына этиканы сақтамағаны үшін ескерту жасады деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода орыс тілінде сөйлеп отырған комитет маманы, қазақ тілінде сауал жолдаған журналистке мемлекеттік тілде жауап беруден бас тартады:
Журналист: «Мен сізге қазақша сұрақ қойып тұрмын, неге жауап бермейсіз? »
ҚР ҰЭМ «Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті» Бас маманы Садырбаев Сұлтан Тұрсынбекұлы:
«Пожалуйста, не устраиваете здесь балаган» деп жауап береді.

Мұндай жауаптан кейін қала әкімі микрофонды алып, маманға этика сақтауын сұрап және мемлекеттік тілде жауап беру керек екенін айтады.