Желіде Тоқаевтың студент кезіндегі суреті жарияланды

0
Ақорданың баспасөз қызметінің «БОРТ N1» Telegram арнасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың студенттік кезіндегі  мұрағат суретін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 
– Президент жалпы газет-журналды жас кезінен көп оқиды. Мына фото Қасым-Жомарт Кемелұлының студенттік шағынан. Мәскеу қаласы, ММХҚИ жатақханасы, 1975 жыл», — деп жазылған сурет сипаттамысында.

Сонымен қатар Ақорданың баспасөз қызметі Президенттің жақында берген сұхбатынан үзінді келтірді.

«Мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл – менің бұрыннан қалыптасқан дағдым… Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін», — деді Тоқаев 2022 жылдың 17 ақпанында берген сұхбатында.