Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай сайлауына өз үйінде дауыс берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған

Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының Леңгір қаласында түнде белгісіз біреулер тұрғын үйге басып кіріп, үй иесін бірнеше сағат бойы соққыға жыққан, деп хабарлайды kznews.kz.

Бетперде киген шабуылшылар әйелді байлап, таңғы сағат беске дейін ұстаған. Тұрғын үйдің терезелері шағылып, ішіндегі заттардың астаң-кестеңін шығарған. Қылмыскерлер үйден ақша іздеген болуы мүмкін деген болжам бар. Шабуылдан кейін күдіктілер жәбірленушінің ұялы телефонын тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Желіде тараған кадрларда әйелдің денесінен көптеген жарақаттар мен бетінің қатты ісіп кеткенін көруге болады. Қазіргі уақытта жәбірленушінің жағдайы тұрақты, денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ.

Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілерді тез арада ұстауға бағытталған кешенді тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында», - деп хабарлады ведомстводан.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.