Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай сайлауына өз үйінде дауыс берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Испанияға бара жатқан қытайлықтар Жамбыл облысында адасып қалған

Испанияға бара жатқан қытайлықтар Жамбыл облысында адасып қалған
Фото: ашық дереккөз

Полицейлер Испанияға көлікпен бет алған Қытай азаматтарына көмек көрсетті. Олар түнде жолдан адасып қалған, бірақ қиындық мұнымен бітпеген, деп хабарлайды kznews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға шамамен сағат 03:55-те болған. ҚХР-дың үш азаматы бағытынан жаңылысқан. Сонымен қатар олардың көлігінің дөңгелегі зақымдалған. Қиын жағдайда қалған шетелдіктер біздің полицейлерден көмек сұрады.

Полицейлер эвакуатор шақырып, көлікті жақын маңдағы сервис орталығына жеткізуге көмектесті. Дөңгелек ауыстырылғанша, тәртіп сақшылары шетелдіктерге ыстық шай мен тамақ ұсынды. Осыдан кейін сақшылар саяхатшыларға бағыт-бағдар беріп, әрі қарайғы жолын нақтылап берген.

Қытай азаматтары көрсетілген көмек пен ілтипат үшін полицейлерге алғыс айтып, сапарларын жалғастырған.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.