Ванга Ресей мен Украина арасындағы шиелініске қандай болжам жасаған?

0
1828

Әйгілі көріпкел Ванга 2022 жылдың 22 ақпанын онжылдықтың ең күшті күні деп болжады, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл күні планетада көптеген сынақтар орын алып, оң өзгерістер болады.

Московский комсомолец басылымының хабарлауынша, Ванга нақты күнді айтпаған. Ол «алты екілік күні жаңа Жер туылады» деген. Ғасырда барлығы екі бірдей дата бар – 2022 жылдың 22 ақпаны және 22 желтоқсаны.

Көріпкел 2022 жылды бетбұрыс жылы деп атады: дәл осы уақытта ол энергетикалық дағдарыс пен климаттық апаттарға тап болуы керек еді. Оның айтуынша, егер адамдар ақша қуып, соғысуды тоқтатпаса, «бір күнде миллиондар жоғалып кетеді». Мұның бәрі осындай катаклизмге әкелуі мүмкін, содан кейін адамдар «алты ай бойы күнді көрмей қалады» деген.

Ванганың ізбасарлары мұндай апат дәл 22 ақпанда болуы мүмкін деп санайды.

Басқалары Ванганың «өзендер арнасынан асып, көптеген елдерді жойып жіберетін ақырзаман туралы» айтқанын еске алды. Көріпкел бұдан кейін мұхиттарда жер бедері пайда болып, олар «Жаңа Жерге» айналады деді.

Ванга сондай-ақ, планетаны алға үлкен секіріс жасауға мүмкіндік беретін жаңа ашылу күтіп тұрғанын да айтты.

Көріпкел адамзат Айдың жаңа мүмкіндіктерін аша алады деп болжаған. Сонда «бүкіл әлем оны көргенінен үрейленеді, адамдар мұны бұрын ешкім көрмеген ақымақтық деп ойлайтын болады».

Ванганың пікірінше, 2022 жылы көптеген адамдар жаһандық дағдарыс жағдайында кедейленеді. Сізге тек шыдамдылық пен күту керек, өйткені бұл уақытта қаржылық жағдайды жақсарту мүмкін болмайды.

Ванганың айтуыншы, «алты екісі бар жылы» Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас нашарлайды. Олар біраз уақытқа толық тоқтап қалуы мүмкін. Дегенмен, Ресей Қытаймен ынтымақтастық орната алады.