Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркі өркениетінің ізімен: 14 елдің ғалымдары Қазақстанда бас қосты

Түркі өркениетінің ізімен: 14 елдің ғалымдары Қазақстанда бас қосты
ҚазҰУ

Түркі өркениетіне қатысты халықаралық форумға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, Венгрия, Болгария, Бельгия, Ұлыбритания, Швеция, Германия және АҚШ-тан 100-ден астам ғалым мен сарапшы қатысты.

Щучинск қаласында «Ұлы Алтай – түркілердің атамекені» атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz

Конференцияда Ұлы Алтайдың тарихи мұрасын зерттеудің жаңа тәсілдері, археологиялық деректер, түркі тілдерінің дамуы, ежелгі мемлекеттердің тарихы мен этномәдени үдерістерге қатысты зерттеулер таныстырылды.

Пленарлық отырысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жүргізді. Жиында Қазақстан Республикасының вице-президенті Ерлан Қарин құттықтау сөз сөйлеп, түркі әлемінің қалыптасу үдерістерін зерделеудегі тарихи зерттеулердің маңызына тоқталды.

– Еуразия халықтарының тарихи байланыстары мен ортақ мәдени мұрасын тереңірек тану маңызды. Түркі әлемінің қалыптасу үдерістерін зерделеуде тарихи зерттеулердің орны ерекше, – деді Ерлан Қарин.

Форум барысында Ботай мәдениеті, көне тілдер мен Орталық Азиядағы тілдік кеңістіктің қалыптасуына қатысты жаңа деректер ұсынылды. Сондай-ақ Батыс Түрік және Хазар қағанаттарының тарихи сабақтастығы, Еуразия даласындағы саяси және мәдени үдерістер талқыланды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев «Еуразия кеңістігіндегі түркі тілдері» секциясына модераторлық етті. Онда түркі тілдерінің дамуы, тілдік байланыстар және Еуразиядағы ортақ мәдени-тілдік кеңістіктің қалыптасуына қатысты зерттеулер таныстырылды.

Конференцияның ғылыми бағдарламасы түркі өркениетінің тарихы, Еуразия кеңістігіндегі түркі тілдері, Ұлы Алтай археологиясы, этнография және мәдени бірегейлік, сондай-ақ тарихи білімді білім беру жүйесінде пайдалану бағыттарын қамтыды.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.