Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Мұсылмандар аңсайтын өлім”: Әлеуметтік желіде сарбаздар қазасына пікір білдірген азаматқа халық ашулы

“Мұсылмандар аңсайтын өлім”: Әлеуметтік желіде сарбаздар қазасына пікір білдірген азаматқа халық ашулы

TikTok-та тараған видеода өзін ислам дінінің өкілі ретінде таныстырған азамат қаза тапқан сарбаздардың өлімін діни тұрғыдан «шейіт өлім» деп бағалап, олардың қазасына байланысты қуанышын білдірген.

Қазақстандық әскери қызметшілердің Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан қаза табуына байланысты әлеуметтік желіде жарияланған видео қоғам арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол сарбаздардың Отан алдындағы міндетін атқарып жүріп қаза болғанын айтып, мұндай өлімді «мұсылмандар аңсайтын өлім» деп сипаттаған. Сонымен қатар қаза болған әскери қызметшілердің есімі ел жадында қалатынын айтып, олардың отбасыларына сабыр тіледі.

Алайда оның сарбаздардың қазасына қуанышын ашық білдіруі әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Пікір білдірушілердің бір бөлігі бұл сөздерді орынсыз деп бағалап, діни түсініктерді қайғылы жағдайды ақтау үшін қолдануға болмайтынын жазған.

Каспий теңізіндегі оқиға салдарынан 14 әскери қызметші қаза тапқан. Оқиғаға байланысты тиісті тексеру жүргізіліп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.