Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Аида Балаева, Әлихан Смайылов”: Қорғаныс министрлігінің қызметін кімдер тексереді?

“Аида Балаева, Әлихан Смайылов”: Қорғаныс министрлігінің қызметін кімдер тексереді?
Фото: akorda.kz

Комиссия министрліктің қазіргі жұмысын зерделеп, әскери құрылымдарды қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін тексереді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру үшін арнайы комиссия құруды тапсырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Комиссияға Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева жетекшілік етеді. Оның орынбасары – Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов.

Комиссия құрамына Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі, Қаржылық мониторинг агенттігі, Қаржы министрлігі, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері кірді.

Тексерудің алғашқы нәтижелері жеті күн ішінде Мемлекет басшысына баяндалуы тиіс.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.