Түркістандағы тауда жоғалған жетінші туристің мәйіті табылды

0

Түркістан облысының тауларынан тағы бір дене табылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

“22 маусым сағат 11.50 кезінде Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан”, – деді Талғат Уәли.

Алдын ала ақпарат бойынша, марқұм 1994 жылы туған. Дене сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне беріледі.

Оқиға орнына “Қазавиақұтқару” АҚ тікұшағы жіберілді.

Айта кетейік, іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылдырылды.

Еске салайық, 21 мамыр күні Түркістан облысының «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алған 7 турист жоғалып кетті. 24 мамырда олар кері қайтуы керек болатын. 25 мамырда туристердің жоғалғаны туралы «112» пультіне хабар берілген.

28 мамырда 7 адамның 3-еуі табылып, құтқарылды. Ал 29 мамыр күні екі туристің денесі табылды. Ал алтыншы туристің мәйіті 12 маусымда Сайрам-Өгем шатқалынан табылды.