Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде 10-сынып оқушысы жүкті болып қалды

Ақтөбеде 10-сынып оқушысы жүкті болып қалды
Фото: Mel.fm

Ақтөбеде полициясы кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді бастады, деп хабарлайды kznews.kz.

— Қазіргі таңда заң аясында қарастырылған барлық қажетті тергеу шаралары жүзеге асырылып жатыр. Жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделері толық қорғалған. Қылмыстық істің тергелу барысы облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынған, — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Өз кезегінде облыстық білім басқармасы қыздың бұған дейін профилактикалық есепке қойылғанын хабарлады.

— Аталған жағдайға дейін білім беру ұйымы тарапынан тиісті шаралардың барлығы қабылданды. Түнгі рейд барысында кәмелетке толмаған жасөспірімнің бірнеше мәрте ұсталғаны белгілі болды. Сол кезде ата-анасына ескерту жасалып, оқушы профилактикалық есепке алынды. Онымен жеке жұмыс жоспары әзірленіп, тұрақты бақылау ұйымдастырылды. Сондай-ақ сол уақытта оның жүкті екені анықталған, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасы.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.