Немістер қазақтың ескі Әнұранын ойнатты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Қазір бізде махаббаттан гөрі сыйластық басым" – Нұртас Айдарбеков жары Гүлзирамен қарым-қатынасы туралы айтты (ВИДЕО)

"Қазір бізде махаббаттан гөрі сыйластық басым" – Нұртас Айдарбеков жары Гүлзирамен қарым-қатынасы туралы айтты (ВИДЕО)
ozgeris.info коллажы

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков отбасылық өмірі туралы ашық пікір білдірді. Бұл туралы Ozgeris.info хабарлады.

Сұхбат барысында кіші келіні одан "Жылдар өткен сайын махаббат жоғалмай ма?" деген сұрақ қойған.

Айдарбековтің айтуынша, ол жұбайы Гүлзираны 1988 жылы шынайы махаббатпен алған. Алайда уақыт өте келе сезімнің сипаты өзгергенін жасырмады.

"Анаңды кезінде махаббатпен алдым. Қазір "бізде махаббат бар" десем, өтірік айтқан болар едім. Бүгінде біздің махаббатымыз балалар мен немерелерге ауып кеткен. Арамызда ең бастысы – сыйластық. Қазір бір-бірімізді құрметтейміз", – деді ол.

Сондай-ақ келіні одан Қайрат Нұртасқа неге өзгелерден гөрі талаптырақ қарайтынын сұрады.

"Үш баламды да бірдей жақсы көремін. Бірақ Қайрат ел алдында жүрген соң, жауапкершілігі де бөлек. Аян мен Заңғар қарапайым өмір сүреді. Халық Қайратты төбесіне көтеріп қойды. Сондықтан "балам, дұрыс жүр" деп ескертіп отырамын. Оны жазғырып жатқаным жоқ. Әкесі болған соң, бәрібір кішкентай болып көрінеді", – деп түсіндірді ол.

Нұртас Айдарбеков келіндерін неге «қызым» деп атайтынын да айтып өтті.

"Сені балам жақсы көреді, немерелерім жақсы көреді, мен де жақсы көремін. Үш немере сыйладың. Сондықтан сені өз қызымдай қабылдаймын", – деді ол.

Желі қолданушылары оның шынайы жауабын жоғары бағалап, жылы пікірлер қалдырды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер