Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Медицинадағы тың тәсіл: әйелдің құлағы уақытша аяғына тігілді

Медицинадағы тың тәсіл: әйелдің құлағы уақытша аяғына тігілді
ашық дереккөзден

Қытайда дәрігерлер сирек кездесетін әрі күрделі операция жасап, әйелдің жұлынып кеткен құлағын уақытша аяғына тігу арқылы сақтап қалған, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәліметке сәйкес, әйел ауыр техникамен жұмыс істеп жүрген кезде ауыр жарақат алған. Салдарынан оның бас терісі, мойын және бет аймағы қатты жыртылып, бірнеше бөлікке бөлінген. Ал құлағы бас терісімен бірге толықтай жұлынып кеткен.

Зардап шеккен әйел Шаньдун провинциясындағы ауруханаға жеткізілген. Мұнда қол-аяқ және реконструктивті микрохирургия бойынша маманданған дәрігерлер тобы бас терісін қалпына келтіруге тырысқан. Алайда жарақаттың тым ауыр болуына байланысты стандартты әдістер нәтиже бермеген.

Мамандар құлақты бірден өз орнына қайта тіге алмаған, өйткені алдымен бас сүйек тіндерінің қалпына келуін күту қажет болған. Осыған байланысты дәрігерлер құлақты тірі күйінде сақтау үшін балама тәсіл іздеген.

Ақырында олар құлақты уақытша табанның үстіңгі бөлігіне көшіру туралы шешім қабылдаған. Дәрігерлердің айтуынша, табан терісі мен жұмсақ тіндерінің құрылымы бас аймағындағы тіндерге ұқсас, сондықтан кейін қайта көшіру кезінде қосымша түзету аз қажет етіледі.

Тіндер толық қалпына келген соң және реконструктивті кезең аяқталғаннан кейін, хирургтер құлақты қайтадан өзінің анатомиялық орнына сәтті түрде орналастырған. Басылым мәліметінше, мұндай тәсілмен жасалған операция медицина тәжірибесінде алғаш рет тіркеліп отыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер