«Қызылорда-Семей» бағытындағы поезда өрт шықты (видео)

0
37

Бүгін түнгі сағат үш шамасында Жамбыл облысының «Бурный-Сурым» аралығындағы «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызының вагоны өртке оранды, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты Orda.kz порталына сілтеме жасап.

«Оқиға орнына көлік полициясының жедел-тергеу тобы келді. Жанған вагонның екі жағындағы вагондар ажыратылып, 34 жолаушы қауіпсіз қашықтыққа шығарылды»,-делінген полиция департаментінің көліктегі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өрт поездың электр қондырғысының үй-жайында болғандығы нақтыланды. Полиция қызметкерлерінің келісілген әрекеттерінің нәтижесінде жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Осы факті бойынша ҚР ҚК 292-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фото, видео: http://t.me/orda_kz