Құрылыс материалдары неге қымбаттап кетті — Маман жауап берді

0

Тұрғын үй бағасының шарықтауын мамандар құрылыс материалдарының қымбаттауымен байланыстырады. Биыл бағаның жылдық өсімі 21,4%-ке жеткен.

Әсіресе бөлшек саудадағы жағдай тұрақталар емес. Өсім бүтіндей 8%-ті көрсетіп отыр. Бұғаусыз кеткен баға қашан ауыздықталары белгісіз.

Құрылысы қарқынды Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан бөлек, Шымкент, Павлодар, Маңғыстау өңірінде де ахуал мәз емес. Ең қажет деген цемент, кірпіш, арматураның құны мұнда қысқа күнде қырық құбылады. Ал мамандар әлемдегі жағдай Қазақстан нарығына салқынын тигізді деп отыр.

Арман Мамбетов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

– Бұл жерде әр құрылыс материалының өзіндік себептері бар. Мысалы, арматураны алайық. Металдан жасалған профильдер болсын. Олардың бағасы екі есе шарықтап кетті. Оның бағасының шарықтауы, Лондондағы металдар биржасы деген бар. Яғни халықаралық баға сол жақтан келеді. Ол жақта да металдың бағасы екі есе шарықтап кеткен.

Сыртқы фактордан бөлек, құрылыс материалдарын өндіруде өз ішімізде шешілмеген мәселе көп. Маманның сөзінен ұққанымыз, дайын өнімді тұтынушыға жеткізу жағы ақсап тұр. Сондай-ақ электр қуатының қымбаттауы да кәсіпкерлерге салмақ салған. Ал цемент өндірісі электр қуатына тікелей тәуелді. Кәсіп иелері болса, осы және өзге де қымбатшылыққа қарамастан, дайын өнімнің бағасын шектен тыс өсірмедік деп ақталды.

Айта кетейік, қазір елде цемент өндірумен 12 кәсіпорын айналысады.

Арман Мамбетов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

– Цементті жасайтын клинкер деген материал бар. Соны әкелетін вагон жоқ бізде, дайын өнімді астанаға, алматыға апаратын вагон жоқ бізде дейді. 0241 0252 мына қазақстанның территориясында приграничный райондарда Ресейдің 5-6 зауыты бар. Біз бағаны қатты шарықтататып болсақ, әрине Ресейден әкелу жеңіл болады. Қазақстан цементінің бағасы Өзбекстан, Қырғызстанмен, Ресеймен салыстырғанда төмен.

Қалай десек те, елдегі жағдай алыпсатарлардың оң жамбасына келіп тұр. Сондықтан, бағаның аспандап кетуі көбіне бөлшек саудада байқалады. Оның зардабын әрине, қарапайым халық көреді.

Хабар24