Қазақстандықтар жыл басынан бері Түркиядан 1129 пәтер сатып алған

0

2021 жылды жаз айларында қазақстандықтар Түркиядан 507 пәтер сатып алған. Осылайша Қазақстан Тұркиядан жылжымайтын мүлікті көптеп сатып алған мемлекеттердің үздік ондығына кірді. Бұл туралы түріктің Turk.Estate компаниясына сілтеме жасап kursiv.kz сайты хабарлады.
Қазақстандықтар Түркиядан ағымдағы жылдың 8 айында 1129 пәтер сатып алса, өткен жылы отандастарымыз түрік жеріндегі 1 171 пәтерге иелік еткен көрінеді.
Биыл сәуір айында Түркияның статистика институты қазақстандықтардың аталған елден пәтерлерді көптеп сатып ала бастағанын хабарлаған. Сондағы мәліметке сүйенсек өткен жылдың желтоқсан айында қазақстандықтардың Ердоғанның елінен пәтер сатып алуға деген сұранысы 50 есе артыпты.