Никонов тек Назарбаевтың айтқанын ғана қайталады – сарапшы

0
757

Бір кездегі Ресей Думасының депутаты болған Вячеслав Никонов бастаған ресейлік саясаттанушы, тарихшылардың қазақ жері мен Қазақстандағы мемлекеттіліктің қалыптасуына қатысты даулы пікірлерге Елбасы-Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық мінберлердегі мәлімдесі негіз болуы мүмкін. Ресей сарапшыларының тек Назарбаевты қайталау арқылы өздеріне «жау» жинап алғанын қазақстандық журналист Әлия Әшімнің «Орда » деректі фильміне берген сұхбатында саясаттанушы, Еуразиялық сарапшылар клубының жетекшісі Никита Мендкович айтты.
– Мен сіздердің (қазақтардың) Никоновтың мәлімдемесіне өзекті мәселе ретінде назар аударғандарыңыздың себебін түсінбедім. Никонов мырзаның Қазақстанда бертінге дейін мемлекет деген ұғым болмаған деген мәлімдемесінде негіз бар. Мұны талай рет ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі халықаралық жиындарда айтты. Ол Қазақстан мемлекет ретінде саяси аренаға тұңғыш рет 1991 жылы шыққанын да тілге тиек еткен. 1990 жылдардың басында қабылданған Қазақстанның Конституциясында бұл елде мемлекеттілік ұғымы енді-енді қалыптасып келе жатқаны айтылады, – деді ол.
Сондай-ақ Никита Мендкович қазақ жері, мемлекеттілігіне қарсы пікірді Никоновқа емес Назарбаевқа айтуға кеңес берді.
– Енді сіздердің (қазақтар) Қазақстандағы мемлекеттіліктің енді-ендіқалыптасып келе жатқанын мойындағыларыңыз келмейді. Бірақ бұл мәселемен маған немесе Никоновқа қайырылудың қажет жоқ. Қарсы пікірлеріңізді Елбасы Назарбаев мырзаға айтыңыз. Біз Назарбаевтың айтқанын ғана қайталаймыз. Мұнда қазақ халқын кемсітетін ешнәрсені көріп тұрған жоқпын. Сондықтан да Никоновты сынау кәсіби тұрғыдан дұрыс емес, – деді В. Мендкович.

Болат МЫЛТЫҚ,

kznews.kz ақпараттық агенттігі