Бишімбаевтың бұрынғы әйелі: Қуандық кіші қажылыққа 5 рет барған

0

Қуандық Бишімбаев діндар адам болғанын, оның бес рет қажылыққа барғанын айтты. Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман оның діни көзқарасы жайлы айтты. Бұл туралы Kaz.nur.kz жазды.

Назым Қаһарман Instagram парақшасында оқырмандарының Бишімбаевқа қатысты жолдаған сұрақтарына жауап берді. Экс-министрдің бұрынғы әйелі оның бес рет қажылыққа барып келгенін айтты.

«Бишімбаевтың дінге көзқарасы қандай болған?», — деген сауал жолдады желі қолданушысы. «Ол ата-анасы сияқты әрқашан дінге жақын болатын. Мен білуімше, ол бес рет кіші қажылыққа барған. Бірақ оның арқасында дін мен рухани дүние деген екі түрлі нәрсе екенін түсіндім», — деп жауап берді Назым Қаһарман.