«Ойланып жүргенімізге бірнеше жыл болды»: Жазира Байырбекова басқа жаққа көшу жайлы ойын айтты
Қазақ эстрадасының жұлдызы Жазира Байырбекова басқа қалаға көшуге қатысты пікір білдірді. Бүгінде оңтүстік астанада тұрып жатқан жұлдызды жанұя елордаға қоныс аударуды ойластырып жүр, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
Жазира Байырбекова бұл туралы өзінің Instagram парақшасында айтты. Әнші қос қаланы өзара салыстырып, олардың жақсы жақтарын атады. Өнер иесіне елорданың жаңа қаласы мен қыс мезгілі қатты ұнайтын болып шықты. Алайда әртіс Алматының жасыл тауларын қимайтынын да жасырмады. Бұл тұрғыда ол өз оқырмандарына жүгініп, олардың пікірін білуге тырысты. «Астанаға көшейік па көшпейік па» деп ойланып жүргенімізге бірнеше жыл болды. Астананың жаңа қаласы,қыс мезгілі ұнайды. Алматының жасыл жазы,таулары ұнайды. Екі қаланың қайсысын таңдар едіңіз», — деп сұрақ жолдады әнші жанкүйерлеріне. Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.Бірі Нұр-Сұлтан қаласына көшу керек екенін жазса, енді бірі Алматыда тұра берген артық деген ойда екен.