Дональд Трамптың ағасының қызы Мэри Трамп клиникалық психолог ретінде New York Magazine журналына берген сұхбатында атасының деменциясына ұқсас Альцгеймер белгілерін президентте байқағанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz Mirros US басылымына сілтеме жасап.
Мэри өзінің сөзінде:
«Кейде ол уақыт пен кеңістікте бағдарын білмейтіндей көрінеді. Ал кейде оның көзқарасы автокөлік жарығына қараған бұғыдай таңырқап қалғандай көрінеді», — деді
Daily Beast подкастында Мэри Трамп:
«Кейде оны көргенде атамды еске аламын. Сол таңырқап қалған көзқарасты көремін. Ол кейде уақыт пен кеңістікте бағдарын білмейтіндей көрінеді. Қысқа мерзімді жадысы нашарлап бара жатқан сияқты. Кіммен сөйлесіп тұрғанын түсінбейді. Қайда тұрғанын білмейді», — деп қосты.
Оның пікірінше, Дональд Трамптың «импульстерді бақылау қабілетімен» байланысты мәселелері де нашарлап бара жатыр. Мэри бұған дейін 2020 жылы шыққан «Тым көп және ешқашан жеткіліксіз» атты кітабында президенттің балалық шағы мен отбасы қарым-қатынасын жан-жақты сипаттаған.
Тек Мэри ғана емес, оның інісі Фред К. Трамп III 2024 жылы People журналына берген сұхбатында президенттің жағдайын атасының денсаулығының нашарлауымен салыстыратынын айтып, Трамптар отбасында деменция тұқым арқылы берілетінін атап өткен.
Өз кезегінде Дональд Трамп қарындасының айыптауларын жоққа шығарды. Қаңтар айында әкесінің денсаулығы туралы сөз қозғап:
«Оның бір ғана мәселесі болды. Белгілі бір жасқа келгенде, шамамен 86–87 жаста, Альцгеймер ауруына ұқсас нәрсе басталды. Ал менде ондай жоқ... Мен бұл туралы мүлде ойламаймын. Неліктен? Өйткені қандай жағдай болмасын, менің көңіл-күйім көтеріңкі», — деді.
Ақ үй Мэри Трамптың айыптауларына жауап ретінде оны «ештеңе түсінбейтін толықтай жолы болмаған адам» деп сипаттады.