Назарбаев мектептері мен университетіне мемлекеттен бөлінетін қаржы қысқарады

0

Қаржы министрлігінің басшысы Jusan BANK пен НЗМ жағдайына түсініктеме берді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жыл сайын Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Назарбаев Университетін мемлекеттік қаржыландыру біртіндеп төмендейтінін мәлімдеді.

«Мәлімдемеге қатысты түсініктеме бере алмаймын. Бірақ бастапқыда тұжырымдама Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Назарбаев университеті республикалық бюджеттен қаржыландырылатындай болды. Бірақ біз қаржыландыруды біртіндеп қысқартуымыз керек, оны жылдан жылға жасаймыз. Jusan Bank осы екі білім беру мекемесін қаржыландыруы тиіс деген пікір мүлде дұрыс емес», — деді Жамаубаев.

http://t.me/orda_kz

Фото: krg.nis