Суы азайған Сыр, мұнайы сарқылған Құмкөл: Қызылорданың келешегі неде?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Анатолий Кашпировский 87 жасында қайтыс болды

Анатолий Кашпировский 87 жасында қайтыс болды
Анатолий Кашпировский. Фото: t.me/ostorozhno_novosti

Кеңес дәуірінде теледидар арқылы өткізген "емдік сеанстарымен" танылған психотерапевт Анатолий Кашпировский 87 жасында дүниеден өтті.

Оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты Кашпировскийдің директоры Сергей Рудых растады. Ол психотерапевтің ауруханада көз жұмғанын хабарлаған.

Анатолий Кашпировский 1939 жылғы 11 тамызда Украина аумағындағы Ставница ауылында дүниеге келген. Мамандығы бойынша дәрігер-психиатр болған және танымалдыққа ие болғанға дейін ұзақ жылдар психиатриялық ауруханада жұмыс істеген.

Кашпировский қалай танымал болды?

Кашпировскийдің есімі 1980-жылдардың соңында бүкіл Кеңес Одағына кеңінен тарады. 1989 жылы Орталық телевизия арқылы оның "денсаулық сеанстары" көрсетіле бастады.

Телебағдарламалар миллиондаған көрермен жинап, Кашпировскийдің «Мен сізге нұсқау беремін...» деген сөзі көпшілікке кеңінен танылды.

Ол психотерапиялық ықпал арқылы адамның жағдайын жақсартуға болатынын айтқан. Алайда ресми медицина өкілдері оның әдістеріне сын көзбен қарап, мұндай әсерді көбіне плацебо мен өзін-өзі иландыру құбылысымен түсіндірген.

Мемлекеттік дума депутаты болған

1993 жылы Анатолий Кашпировский Ресей Мемлекеттік думасының бірінші шақырылымына ЛДПР тізімімен депутат болып сайланды. Парламентте 1995 жылға дейін қызмет атқарды.

Кейін ол АҚШ-та тұрып, шетелдегі орыстілді аудиторияға арналған кездесулер өткізді. 2000-жылдары Ресей мен бұрынғы КСРО елдерінде қайтадан көпшілік алдына шыға бастады.

2020 жылы Кашпировский YouTube арнасын ашып, тікелей эфирлер мен «сауықтыру стримдерін» өткізген.

Айта кетейік, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Кашпировский біраз уақыт Қазақстандағы ауылдардың бірінде тұрғанын өзі де айтқан.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер