Суы азайған Сыр, мұнайы сарқылған Құмкөл: Қызылорданың келешегі неде?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған матрос мерзімді әскери қызметін аяқтады

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған матрос мерзімді әскери қызметін аяқтады
Фото: ашық дереккөз

Ақжол Маңғыстау облысынан аттанып, оқиғадан аман қалған әскери қызметкер.

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан аман қалған Ақжол Темерхан Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштеріндегі мерзімді әскери қызметін аяқтағанын жазды, деп хабарлайды kznews.kz

"Әдетте сарбаздар үшін мұндай ерекше күн қуанышқа толы болып, естелікке суретке түсіп, армиядағы достықты еске алатын сәт болады. Бірақ бұл жолы олай болмады. Ақжол Маңғыстаудан шақырылып, аман қалған жалғыз сарбаз. Ол қаза тапқан қаруластарының естелігі мен ауыр жүгін арқалап жүр", – деп жазды Азамат Сәрсенбаев.

Блогердің айтуынша, Ақжол алдағы уақытта ата-анасымен бірге қаза тапқан қаруластарының отбасыларына барып, көңіл айтуды жоспарлап отыр.

"Өз басым Ақжолға тек жақсылық тілеймін. Осы жағдайдан кейін жүрегіне тыныштық орнап, бейбіт өмір сүрсе екен. Өзі мен ата-анасы үшін ғана емес, қаза тапқан қаруластары мен олардың ата-аналарының да аманатына адал, жақсы азамат болып қалыптасуын тілеймін", – деді блогер.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюінен 17 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкеткен. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі аман қалды.

Медициналық мекеменің мәліметінше, оқиға болған күні, 24 қыркүйекте ауруханаға бір әскери қызметкер Ақжол Темерхан жеткізілген. Ал Никита Удалов пен Бекет Қуандық 26 қыркүйекте ауруханаға түскен.

Оқиғаға байланысты екі қылмыстық іс қозғалып, қорғаныс министрлігі жүйесінің бес лауазымды қызметкері күдікті ретінде ұсталды. 26 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеру жүргізуді тапсырды. Ал 27 қыркүйекте Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі қызметінен босатылып, оның орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.