Суы азайған Сыр, мұнайы сарқылған Құмкөл: Қызылорданың келешегі неде?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда "соқырішектен" көз жұмған 13 жасар баланың өліміне байланысты хирург күдікке ілінді

Ақтауда "соқырішектен" көз жұмған 13 жасар баланың өліміне байланысты хирург күдікке ілінді
Фото: ашық дереккөз

Ақтауда облыстық балалар ауруханасының хирургі ұсталды.

Маңғыстау облысының полициясы дәрігерді кәмелетке толмаған науқастың өліміне байланысты кәсіби міндеттерін тиісінше орындамады деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу барысында облыстық балалар ауруханасында балаға медициналық көмек көрсету кезінде ұйымдастырушылық-тактикалық және емдеу-диагностикалық сипаттағы кемшіліктерге жол берілгені анықталған.

Баланың жағдайы нашарлағаннан кейін ол санитарлық авиация арқылы Алматыдағы медициналық мекемеге жеткізілген. Алайда кейін науқас қайтыс болған.

Қылмыстық іс аясында медицина қызметкерлерінен жауап алынып, сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Комиссиялық сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, балаға медициналық көмек көрсету кезінде анықталған кемшіліктер асқынудың дамуына ықпал етуі мүмкін.

2026 жылғы 1 қазанда балалар ауруханасының хирургі Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын және істің барлық мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы директорының орынбасары Үміт Ильясова ұсталған дәрігерді қолдап, әлеуметтік желіде денсаулық сақтау және ішкі істер министрлеріне үндеу жариялады.

"Мыңдаған баланың өмірін сақтап қалған балалар хирургі ұсталды. Әріптестердің айтуынша, енді басқа дәрігерлерді де ұстағалы жатыр. Маңғыстау облысында тағы да құқықтық заңсыздық болып жатыр. Дәрігерді куәлік беруге шақырып, кейін ұстап әкетті. Біздің адвокатқа хабар берілмеген! Оны ұстауға негіз жоқ", – деп жазды Үміт Ильясова.

Еске салайық, биыл сәуірде Ақтау тұрғыны Жұлдыз Азанова 13 жасар ұлының дәрігерлердің қателігінен кейін ауыр жағдайға түскенін, кейін қайтыс болғанын мәлімдеген еді. Осыдан кейін денсаулық сақтау министрлігі оқиғаға қатысты тексеру бастаған. Тексеру барысында Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында бірқатар заң бұзушылық анықталған. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Дәрігердің кінәсі сот шешімімен анықталады.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.