«Мен көрінген адамнан қорқып жүрмін»: Жамбыл облысында көз жұмған сарбаздың хаты жарияланды
Атыраулық сарбаз Мираш Бекбол Досболұлының денесін әскери қызметшілер туған жеріне алып келді.
Ол қайғылы оқиға орын алмас бұрын, өзінің сөз байласқан қызына хат жолдаған екен. Хаттың жалпы сипаттамасында: «Мен көрінген адамнан қорқып жүрмін. Мына өмірден жоқ болып кеткім келеді. Бәрінен шаршадым. Былай қорқынышпен өмір сүргенше өлгенім артық. Мен сені жақсы көремін», — делінген.
Аталған жағдайға қатысты билік өкілдері, сарбаз жақын адамымен сөзге келіп қалғандықтан, өз-өзіне қол жұмсаған деген пікір білдіріп отыр.
Ал Бекболдың туыстары бұл ақпаратқа сенбейді. Оны біреу өзін өлтіруге мәжбүрлеген болуы мүмкін дейді. Сондай-ақ сарбаз соңғы уақытта жақын достары мен туыстарынан ақша сұрай берген. Жақындары мұндай қомақты ақшалардың әскерге қандай қажеті бар екенін білмей дал болуда.