Өткен жылдың жазында Жамбыл облысының Қордай елді-мекенінде ақыл есі толықсымаған 14 жастағы қызды зорлап, жүкті қылғандар жазасын алмаған. Бұл туралы қыздың анасы Almaty телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Бүгін қыз жүктіліктің 28 аптасына өтті. Ал қылмысқа күдіктілр болса әлі күнге дейін бостандықта жүр дейді қыздың анасы. Оқиғаны қыздың анасы сол сәтте бірден анықтаған. Үйге уақытында оралмаған оқушы қызды анасы бірден іздеп бастаған. Ауыл тұрғындарының бірі қызды еркінен тыс алып кетіп, қонақ үйде таңатқанға дейін ұстаған.
"Менің қызымның ақыл есінде ауытқу бар. Мұны қылмыскерлер біліп, мен жоқта әдейі алып кеткен. Кейін ол оны өзінің танысына айтқан. Нәтижесінде қылмыс тағы қайталанды. Әділдік іздеп жүргеніме міне 1 жылға жуықтады. Қылмысқа күдіктілер бостандықта жүр" – деді қыздың анасы Гүлшат.
Дәрігерлер аборт жасауға қарсы, себебі бұл қыздың денсаулығына зиян.
Полиция қазір қылмыс бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Онда 16 жасқа толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер үшін жауапкершілік қарастыратын бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Дәл қазіргі уақытта күдікті полиция бөліміне жеткізілді дейді Қордай аудандық Полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Ғазиз Бектұрғанов.
Қыздың анасы болса күдікті бірнеше адам болғанын айтып жар салуда. Егер іс жылы жабылып қоя салатын болса ол Бас прокуратураға шығатынын айтты.