7 трлн теңгенің жыры: Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жылқы етін жеймін деп ажал аузынан қалды: Петропавлда зейнеткерге шұғыл ота жасалды

Жылқы етін жеймін деп ажал аузынан қалды: Петропавлда зейнеткерге шұғыл ота жасалды
gov.kz

Петропавл қаласында дәрігерлер 66 жастағы зейнеткердің өмірін сақтап қалды. Ер адам кешкі ас кезінде жылқы етін жеп отырып, сүйекті байқамай жұтып қойған, деп хабарлайды kznews.kz.

Кешкі уақытта жедел медициналық жәрдем көрсететін көпбейінді қалалық ауруханаға науқас кеуде тұсының және мойын аймағының қатты ауырсынуына, жүрек айнуына шағымданып түскен. Оның айтуынша, ас ішіп отырғанда жылқы етіндегі өткір сүйек сынығын жұтып жіберген. Алғашында өздігінен өтеді деп ойлағанымен, ауырсыну күшейе түскен. Дәрігерлердің сөзінше, ер адам уақыт оздырмай ауруханаға жүгініп, жедел әрекет жасаған.

Тексеруден кейін шұғыл түрде эндоскопист дәрігер Константин Зырянов шақырылған. Алайда тексеру барысында сүйектің екі жағынан өңештің шырышты қабығына кіріп кеткені анықталған. Науқас операциялық бөлмеге жеткізіліп, жалпы наркозбен күрделі ота жасалған. Нәтижесінде сүйек сәтті алынған.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайларда қауіп өте жоғары. Бір қате қимыл өңештің жыртылуына және қан кетуге әкелуі мүмкін. Сондықтан эндоскопистің тәжірибесі мен медициналық топтың үйлесімді жұмысы шешуші рөл атқарады.

Егер науқас дер кезінде жүгінбегенде, өңештің тесілуі, ауыр инфекция немесе сепсис дамуы ықтимал еді.

Қазір Петропавл тұрғыны хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Дәрігерлердің бақылауында қалпына келу кезеңін жалғастыруда.

Мамандар қазақстандықтарға тамақты асықпай, мұқият шайнауға кеңес береді. Әсіресе сүйегі бар тағамдарды жегенде абай болу қажет. Егер кеуде немесе мойын тұсында ауырсыну, бөгде зат тұрғандай сезім пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер