Балғынбек Имашев түрмедегі «Дикий» Арманға қолдау көрсетті

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы ретінде айыпталып отырған Дикий Арманға қолдау көрсетті.
Ол өзінің желідегі парақшасында Дикий Арманның бейнежазбасын жариялап, «Дүниенің соты – бәріне қабілетті, Алланың соты – бәрінен әділетті» деген жазба қалдырды.
Еске сала кетейік, Балғынбек кезінде Арман Жұмагелдиевке ода арнаған болатын.