Әріптестерімен жұлқына билеген Салтанат Бақаева желіні шулатты (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында Әуезов театрының ерлері әйелдер қауымына сый жасады. Олар нәзік жандылар үшін арнайы кеш ұйымдастырды. Сол кеште Салтанат Бақаева актриса құрбыларымен бірге бидің түбін түсірді, деп жазады Stan.kz.

Әріптестерімен жұлқына билеген Салтанат Бақаева желіні шулатты (видео)

«Кешегі вешірдің ең керемет бишілері ол Зарина Кармен, Ажарлым Мағзұм және мен болдым!» — деген Салтанат билеген видеосын да жариялады. 


Үш арудың секіріп билеген видеосын көрген жұрт екі түрлі пікір білдірді. Олардың бір тобы актрисаларға мұндай қылықтың жарасатынын атап өтсе, екіншілері ерсі әрекет деп үш баланың анасын сөккен. 

«Ұялсаңшы секеңдемей, ата-енең көріп отырған шығар», «Не сұмдық мынау, Салтанат, естеріңнен ауысайын дедіңдер ма? Баян, Луина, Айгүл, енді сен шықтың. Билей беріңдер, бірақ салмасаңдаршы, сендер үшін мен ұялып отырмын», — деп сынады олар. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.



stan.kz