Шуағын төккен төрт көктем

0

 

Шуағын төккен төрт көктем

(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі) 
Мақсаты:

1.Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. 
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.

3.Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

ФАНФАРЫ ойнайды (Аэропорт) қонуы дыбысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі: 4 А сыныбы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Талғат Қозыбаев атындағы №131 мектебіне келіп қонды.

Құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол –        4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып,білім алып,қанаттарын қатайтып,кеше ғана тұлымдары желбіреп,жүректері лүпілдеп кірген ұл-қыздарымыз ойлары толып,бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 «А» сыныбының «Шуағын төккен төрт көктем» атты салтанатына қош келдіңіздер

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді

4 жыл бойы сусындатып білімменен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.

Ендеше бүгінгі кешіміздің жүргізушілерін шақырайық

Нұрдәулет: Армысыздар, ұстаздар   мен оқушылар, ата-аналар мен қонақтар!

Толғанай: Бүгінгі «Шуағын төккен төрт көктем» атты  бастауышпен қоштасу салтанатына қош келіпсіздер. (бірге айтылады) Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер. (бірге айтылады)

Нұрдәулет:

Қайырлы күн, мұғалімдер — әз жандар 
Білім іздеп инемен құдық қазғандар. 
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді 
Би билеп, ән де бүгін шырқалар. 

Толғанай:

 Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар, 
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар 
Алдарыңда жауқазындай құлпырған 
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған. 

Нұрдәулет,Толғанай бирге

Қоштасу тойын бастайық, 
Өнерімізді көрсетіп, 
Құрметіне бұл тойдың. 
Ән мен шашу шашайық. 

Хор :   Мектебім аяулы мектебім

1.Толғанай:Мінезі жайдары

Нұрдәулет – сынып  айнасы.

Ананың аялағанын

бестікпенен танытты.

Әдепті, үлгіні кім берген.

Әрине ата-ана сіз екен!

  1. Толғанай: Еркелеген қалпында,

Ұқсатасың елікті.

Бір басына бірнеше,

Қабілетті беріпті.

Толғанай ширақ  дегенмен,

Жақтырмайды желікті.

Сондай қыздан айналдық,

Ақылды да көрікті

  1. 3. Нұрдәулет:Қалықтап ұшып- қонамын,

Розадай әнші боламын.

Күміс көмей жез таңдай,

Салтанаты даланың.

  1. Толғанай:Қарапайым баланы мен білем,

Мінезі өзгеше біздерден.

Ата-анасын көрсетер биіктен,

Айбек әдепті бала екен.

  1. Нұрдәулет:Майысып, жымиып отырған,

Жібек біздің жұмбақ жан.

Достық  деген сезімді,

Қастерлеген асыл жан.

Адалдықты, достықты,

Ата-ана сізден алған жан.

6.Толғанай: Ер мінез, өжет мінез кім десек?

Нұрислам жүйрік тіл қатқан.

Нұрислам сөздің данасы,

Ана тілдің байлығын. зердесіне ұстайды,

Ата – ана! Балаңыз үмітіңізді ақтайды!

  1. Нұрдәулет: Ата-ананың үміті болашақта,

Гүлдана біздің салмақты әр уақытта,

Үнсіз қарап көзімен тіл қатады.

Ата-анасын табысымен қуантады.

  1. Толғанай:Оқуды да ойлайды,

Боксті де қоймайды.

Сыныптағы ширақ-ай,

Абзалдай ұл бар-ма?

Зыр жүгіріп жүретін.

  1. Нұрдәулет:Нұрсиланың мінезі бар жанға жайлы,

Ешқашанда ешуақытта шаршамайды.

Сыныбымыздың ерке қызы өзіңсің,

Күлімдесең көреміз күн мен айды

 

  1. Толғанай:Сәбидей ақ жарқын мінезді,

Мадиярды бәріміз білеміз.

Тәрбие, өнеге тірегі,

Ата-ана сізді де білеміз.

  1. Нұрдәулет:Біздің Айтгүл салмақты әр уақытта,

Ата-ананың үміті болашақта.

Шәкіртінің білімді болғандығы,

Ұстаздарын қуантты  әрқашанда.

12.Толғанай: Өзі баяу болса да,

Таудай оның талабы.

Оқы десе мұғалім,

Бар ынтасын салады.

Ерасылымыз сондықтан,

Өте жақсы сабағы.

Ата-анасын қуантып,

Күнде бестік алады.

  1. 13. Нұрдәулет:Ару қызы қазақтың,

Мектептің бір озаты.

Келбеті де сымбатты,

Бақнұр біздің ибалы.

  1. Толғанай:Бибіфатима біздің арайлы,

Ақырын сөйлеп қарайды.

Үндемей жүріп басып оз,

Таң қалдырып талайды.

  1. Нұрдәулет:Білім көзі мектебі,

Сенім артар үнемі.

Санжар – сынып жүрегі,

Анасының сенімі,

Үміті мен тірегі

 

Сіздердің алдарыңызда тұрған 4сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне ес біліп,етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап «Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары, «Әдепті бала», «Әнші биші балапан», «Кішкентай күз аруы, «Наурыз аруы», «Кішкентай жігіт сұлтаны» Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыптарда ұйымдастырылған көрмелер, сыныпарылық спорттық жарыстар,ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

 

Ендеше бастауыш сыныппен қоштасатын оқушыларымызды құттықтау үшін сөз кезегін мектеп директоры Ләззат апайға береміз

 

Балалар бүгін сендер қандай жаңалықтармен келдіңдер Жүргізуші екеуі бірге

  1. Биыл рухани жаңғыру жылы Айбек
  2. Ол өткен тарихты дәріптеу,қайта жаңғырту Гүлдана
  3. Тарихи өткенімізден күш ала отырып,болашаққа нық қадам басу Айтгүл
  4. Биыл ауданымыздың 90 жылдығы Мадияр
  5. Талғат Қозыбаев атындағы мектепке 1 жыл толды Нұрислам
  6. Талғат Есентайұлы ағамыз әділ заңгер,патриот,адал,батыр,ержүрек Бибіфатима
  7. Кеше ғана мектеп жанынан Еңбек және соғыс ардагері Сырғабаев Арғынбай атама көше берілді Бақнұр
  8. Иә,иә тағы да ауданымызға еңбек ардагері Оспан Мәлібаевқа да көше берілді емес пе Ерасыл

Нұрдәулет

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де, 
Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де. 
Төрлетіңіз қадірменді конақтар, 
Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізде. 

Толғанай

Шаттанамыз біз бүгін шаттанамыз, 
Ғылым сырын түсініп, мақтанамыз. 
Осы сырды үйреткен бастауышым, 
Түстей болып, міне бүгін аттанамыз. 

Ән:  Жібек Көңілді күн

 

Бибіфатима

Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Жібек:

Есігіңді ашқан балаңа, 
Құшақ жайдың мектебім сен қуана. 
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба, 
Сенен артық дүниені таба алам ба? 
Мектебім – мәңгі бапкерім 
Қарызбыз саған бәріміз 
Өзіңе деген парызды, 
Ақтаймыз талай әлі біз. 

Гүлдана       

Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.

Мектебім — сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен – бұлақ, мен — қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

 

 

 

Абзал   : 

Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

Бастауышым — балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Ерасыл
Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма? 
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма? 
Мектебімде алаулаған жас жалын. 
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға. 

Нұрдәулет

Айдында аққудай сылаңдаған 
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған 
Шықсын енді ортаға биші қыздар 
Тал шыбықтай иіліп мың бұралған. 

Би: Өзбек биі

Нұрдәулет:  Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал  тамған ақын да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі  ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Санжар

Әріптерді үйретіп, 
Жақын болған кім бізге? 
Жамандықтан жиреніп, 
Ақын болған кім бізге? 
Маржан апай — мұғалім 
Қапастағы елдердің 
Мұңын айтқан кім бізге? 
Көрікті сан жерлердің, 
Сырын айтқан кім бізге? 
Алия апай мұғалім! 

Санжар мен Маржан апайдың орындауында Ұстазым менің әні караоке

Толғанай

Әр пәннің өзіндік әр сыры бар

Әрбір пәннің өзіне айтар жыры бар

Сол пәндердің құпиясын жеткізген

Әр ұстаздың жадымызда үні бар

 

 

Айбек

Бейнелеп әсем гүлді,қыр даланы

Қызғалдақ көзі тұнған ырғалады

Сурет сала бастаса Дадан апай

Көңіл күйі сол суреттей нұрланады

Мадияр

Асыр салып ойнаймыз

Жаттығуды жасаймыз

Бойымызға күш жинап

Шынығуға жараймыз

Ержан ағай Сіз үшін

Бәріне де дайынбыз

Айткүл апайға

Сөз сөйлесе жарқын ақ

Күніміздей жарқылдап

Қызық өтіп сабағы

Өсіреді ой-сананы

Айткүл апай өзіңізге

Алғыс айтады түлегі

 

Нұрислам

Читать и писать на русском 
Нас научила она 
Это наша царица 
Рая    Елемесовна

Салтанат

Баулыған әрбір өренді

Ақтолқын апай өнерлі

Қызықтырып ән-күйге

Бізді үйретіп келеді

 

Нұрдәулет

Ағылшын апайға

————————————————

————————————————

————————————————

————————————————

 

 

Гүлдана

Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп
Нұрсәуле апай сіздей қайда бар адам?!


Би:
      Менімен биле

Нұрдәулет:   Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата — ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар. Құрметті ата — аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі өлең шумақтарын жолдаймыз.

Толғанай: Ыстық — ау кім — кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген

Нұрдәулет: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Сәбиді әлдилеумен түн қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің
Кең құшағың, аясындай гүл бақтың.

Ән. САлтанат Аке Ана

Флешмоб

Ата-аналарға сұрақ:

 

  1. Нашар оқитын оқушы сөмкесіндегі ұнамсыз зат (күнделік)
  2. Сабақ білмейтін балаларға жәймен не беруге болады?(подсказка)
  3. Мектептегі басты адам (оқушы)
  4. Мұғалімдер күні тойланатын ай (қазан)
  5. Мектеп өмірінде директордың өзі оған бағынады ол не? (қоңырау)
  6. Қалам мен қарындаштың үйі (пенал)
  7. Әріптер жиыны (алфавит)
  8. Балалар білім алатын жер (мектеп)
  9. Бұрышсыз фигура ( шеңбер)
  10. Түнгі жарық (ай)

Нұрдәулет: Енді сынып оқушылары мен ата-аналары өмірінен қызықты-күлкілі көріністер көрейік

«Есеп»

Баласы : Ана, кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате екен.

Анасы : Не дейді? Мүмкін емес!

Баласы: Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың да аналары сол есепті шығара алмапты.

« Ең қиын сұрақ»

Баласы : Мама , мен бүгін бүкіл сынып оқушыларының жауап бере алмаған сұрағына жауап бердім

Анасы: Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?

Баласы: Сынып бөлмесінің терезесін Кім сындырды деген сұраққа…..

«Емтихан»

Анасы: Балам , кешегі емтиханды қалай тапсырдың?

Баласы: Жақсы тапсырған шығармын,өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой

Анасы: Жарайсың балам,өзіме ұқсаған екенсің.

Ән:Ерасыл Бар бар

Вальс


Нұрдәулет
 Құрметті ұстаздар Шексіз алғысымызды мектеп басшыларына айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалап,түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз.

Толғанай

“Ең білімді және сабырлы ұстаз ” номинациясы бойынша мектеп директоры

 

———————————————————————————————————марапатталады
 “Қамқор және мейірімді ұстаз ” номинациясы бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ————————————————————————                          марапатталады

 “Ең шебер ұйымдастырушы ұстаз” номинациясы бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары —————————————— марапатталады.

 

Қорытынды: Ұстаз тілегі Маржан апайға

Нұрдәулет: Жақсы шәкірт азамат атанады

Халқынан ата анадан бата алады

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

Ортаға шақырайық ата ананы

Ата — аналар атынан сөз кезегі беріледі.
(ата — аналардың ыстық лебіздері)

Қорытынды: Ұстаз тілегі

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүрекпен мен тілеймін,

Тек сәттілік-шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен-деп әрқашан сабақты жақсы оқуларыңа, еліміздің туын биікке көтерер білімді де тәрбиелі азамат болуларыңа тілектеспін.

Бұл оқушылардың өзіндік тұлғалық қасиеттері ерекше балалар. Сондықтан оқушыларыма арнап жеңімпаз медальдарын дайындадым.Себебі бұл оқушылар мен үшін ерекше Жеңімпаздар

Сыныптағы оқушыларды марапаттау

 

 

 

 

Хормен

Өзіңсің балауса көктемім

Мен сенен нәр алдым көктедім

Өмірде алғашқы өткелім

Рахмет саған бастауыш мектебім

 

Хор:  Сыныптастар  құрдастар

Хормен

Қоштасайық бәріміз

Шарықтасын әніміз

Залдағы ата анаға

Рахмет дейік тағы біз

 

Мұғалім: 
Осымен «Шуағын төккен төрт көктем» атты кешін бітірген сыныбымыз, 5 сыныпқа ұшуға дайын.

Самолетке кирип ұшып кету.  Аэропорт дауысы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!