«Шүмекпен бөлесін»: Желіде ер адамды бесікке жатқызған видео көпшіліктің ашуын туғызды

0

Әлеуметтік желіге үлкен кісіні бесікке бөлеген видео тарады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеоны Сәуле Бикитиева есімді желі қолданушысы жеке парақшасына жүктеді. Желі қолданушылары түрлі теріс пікір қалдырып, үлкен кісілердің әрекетін сынға алды.

“Киелі бесікті қор қылды-ау”, “Үлкен адамдардың мына тірлігі ұят болды”, “Алжыған шығар мыналар”, “Құрдастардың қалжыңы екені көрініп тұр”, “Жастарға үлгі көрсеткендері осы ма?”, “Ата-дәстүрімізді қор қылғандары үшін заң алдында жауап береді”, “Бесікке жатқызған шалды енді сүндетке отырғызыңдар!”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Айта кетейік, перғауын стилінде той өткізген жаңаөзендік тұрғын да сынның астында қалған еді.

“50 жасын перғауын образында тойлаған ер адам әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, мерекелік іс-Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында өткен. Желіде тез тараған бейнежазбада перғауын стилінде киініп таққа отырған ер адамды 6 жігіт көтеріп жүр. Туған күнге келген өзге қонақтар да перғауын заманындағыдай киімді таңдаған” – деп жазылған әлеуметтік парақшада.