Бишімбаевтың екі жастағы қызы қаза тапқан

0

Бұл туралы бүгін ол сотта мәлім етті дейді Kznews.kz тілшісі.

Қуандық Бишімбаев 23 жасында екі жасар қызынан айырылған. Бұл туралы бүгін ол соттағы жарыссөзде мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

«Мен Салтанаттың ағасы, жақындары қандай күйде екенін түсінемін. Өйткені, өзім де кезінде қызымнан айырылғамын. 23 жасымда менің екі жасар қызым көз жұмған. Сондықтан, бұның қандай ауыр қаза екенін түсінемін», — деді Бишімбаев.

Бүгін, 3 мамыр Бишімбаевтың сотындағы тараптардың жарыссөзі жалғасып жатыр.