Шавкат Рахмонов қарсыласы Джефф Нилмен жекпе-жекте жеңіске жетті

0

Қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 аралас жекпе-жек бәсекесінде жеңіске жетті.

Ол американдық белгілі файтер Джефф Нилмен (15-4) шеберлік байқасты.

Нәтижесінде, үшінші раундта оны тұншықтыру әдісімен жеңіп кетті.