Жағдайы ауыр: Солтүстік Кипрде қазақ қызына қастандық жасалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Неге ұлыңды тыймадың": Нұрайдың әкесі сотта Шерханның аңдып жүргенін оның әкесіне ескерткенін айтты

"Неге ұлыңды тыймадың": Нұрайдың әкесі сотта Шерханның аңдып жүргенін оның әкесіне ескерткенін айтты
Фото: ашық дереккөз

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысында сотталушының әкесі Әлмахан Макенов сөз сөйледі. Ол ұлының сезімі болғанын және оған қарсы ештеңе істей алмайтынын жеткізді. Алайда сот процессі кезінде оған Нұрайдың әкесі оған наразылық танытып,  ұлын тыюды бірнеше рет өтінгенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі Stan.kz сілтеме жасап. 

Сот отырысында алдымен жәбірленуші тараптың адвокаты Әлмахан Махановқа сұрақ қойды. 

Адвокат “Жаңа сіз әріптесім сұрақ қойғанда айттыңысоз, 11 қаңтар күні сағат кешкі 20:00 шамасында үйге полицейлер келген. Тергеу мәліметтеріне сәйкес сотталушы екі тәуліктен кейін ұсталған. Сол аралықта балаңызды іздестірдіңіздер ме? 

Сотталушының әкесі сол күні таңғы 3-4-ке дейін полицей қызметкерлерімен бірге жүргенін. Автоколікті тексеруге қатысқанын жеткізді. Алайда айтуынша, ол жерде пышақ болмаған. Тек қан іздерін көрген. 

“Нұрайдың әкесі Бауыржан Шерханның осы күнге дейін Нұрайға сыйлыққа жұмсаған ақшасын сізге қайтарып бергені рас па?”, – деп сұрады адвокат.

“Бұл сұрақ артық. Ол кезде екі жақ та татуласып, қоштасқанбыз. Мен Нұрайдың әкесі жіберген ақшаны өзіне қайтарып бердім. Себебі бұл – қыз бен баланың арасында болған мәселе. Не қылам мен ол ақшаны, менің ақшам емес? Бұл сұрақ маған жолданбауы керек”, – деп жауап берді сотталушының әкесі. 

Бұдан соң адвокат алып қашу мәселесін қозғап, Шерханның әкесінен бұған дейін ұлына үйлен деген талап қойып-қоймағанын сұрады. 

“Енді бұл барлық қазақтың қоятын сұрағы ғой! 25 жасынан кейін мен оған үйлен деп айта бастағам. Нұрай кездескенге дейін ол: “қазір үйленбеймін” деп сеніммен айтатын. Алып қашу мәселесін қозғаған емеспіз. Нұрайды алып қашып келген күні ол жымиып, жайдарлы болып тұрды. Өз еркімен келгені туралы қолхат жазу идеясын мен ұсындым. Себебі қарсы болмағасын, жазғаны дұрыс деп ойладым”, – деді Әлмахан Макенов. 

Дегенмен жәбірленушінің адвокаты бұл жауапқа сенім білдірмеді.

“Жаңа сіз өз еркімен келді деп айттыңыз. Алайда жауабыңызда балаңыздың қыздың көнбегенін, алып қашып келе жатқанын айтқанын көрсеткенсіз. Полицияға тергеуші Әділханға берген жауабыңызда осылай тұр”, – деп жеткізді ол. 

Оқыңыз

"3 ай қыз-жігіт боп жүрміз деді": Марқұм Нұрай Серікбайды алып қашқанда жауап алған тергеуші сотта жауап берді

 “Мен саған ескерттім ғой, неге ұлыңды тыймадың?: Нұрайдың әкесі сотта ренішін білдірді”

Нұрайдың әкесі Бауыржан Сағымбек сотта ашуын ұстай алмады. Ол орнынан тұрып сотталушы Шерханның әкесіне ренішін айтты. 

“Алып қашқан кезде ұлым Сұлтан барып қызымды алып шығып келе жатқанда сен Нұрайды ішке кіргізіп, ұлымды сыртқа шығарып жібергенсің. Сенде ешқандай ұят жоқ! Сенің атыңдағы көлікпен келіп, менің қызымды өлтірді. Баламның ісіне араласпаймын дейді. Көлігін беріп, баласын жіберіп отыр ғой! Сол кезде сен уәде бердің, “балам қызыңа жоламайды” дедің. Уәде беремін дедің”, – деп ашуланды Нұрайдың әкесі.

Алайда Әлмахан Маханов алып қашқан күні ешқандай зорлық-зомбылық болмағанын айтты. 

“Бауыржан, ол кезде мен балама айтып жатырмын дедім. Уәде демедім, бірақ сіздің көзіңізше баламның сезіміне мен жауап бере алмаймын дедім”, – деді ол. 

Алайда Нұрайдың әкесі бұған дейін Шерханның сталкинг әрекеттерін ескерткенін алға тартты.

“Қандай сезім? Ол сенің балаң ғой! Жаңа сен сталкинг туралы білмеймін дедің. Ал бұған дейін мен саған балаңның қызымды аңдып жүрген суретін жіберіп, қызымның группаластарына дейін мазасын алып жүргенін айттым. Балаңды тый дедім. Мен саған айттым қызымның 7 құрбысына желіде мазасын алған. Мен саған ескерттім, сонда неге балаңды тыймадың?”, – деді Бауыржан Сағымбек. 

Алайда Шерханның әкесі бұл мәселені бәрібір шешіп бере алмайтынын жеткізді. 

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.