Жаркентте «Қазақстанды» ең көп жақсы көретін адамның бірі ұсталды. Бірақ ол патриоттық сезімнен емес, шоколадқа деген махаббатынан болса керек, деп хабарлайды kznews.kz.
41 жастағы тұрғын бір ай бойы дүкенге қайта-қайта кіріп, «Қазақстан» шоколадтарын сөмкесі мен қалтасына пәшкілеп салып, кассаға төлемей кетіп отырған. Кей күндері тіпті бес-алты мәрте «рейдке» шыққан.
Нәтижесінде барлығы 625 дана шоколад қолды болып, дүкенге 530 мың теңгеден астам шығын келген.
Тәтті-бандит полицейлердің қолына түсті. Кінәсін толық мойындады. Енді оның шоколадқа ғана емес, осыған ұқсас өзге ұрлықтарға қатысы бар-жоғы да тексеріліп жатыр.