Қазақстандықтар зейнетақының 2 есе өскені туралы айтып жатыр

0

2021 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшерінің өскені рас, бірақ 50% емес, деп хабарлайды stopfake.kz сайты.

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға асып түсті. Бұл ретте жасы бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшері 43 272 теңгені құрады. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5% артады.

2021 жылғы 1 қаңтардан баст??п оның ең төменгі мөлшері 18 524 теңгені құрайды. Нәтижесінде, базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшері 1 қаңтардан бастап 61 796 теңгені құрайды, – делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында.

2,2 млн адамның зейнетақысы өседі.